USD
USD
USD

Екібастұзда жылу мен су беруде ақау пайда болды

Екібастұзда жылу электр орталығында су температурасы төмендеген. 

Екібастұзда жылу мен су беруде ақау пайда болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Екібастұз жылу электр орталығында қалаға беретін судың температурасы түсіп кетті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz сайты.

«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС мәліметінше, 4 наурыз күнгі сағат 21:00-де 9,2/2.0 кг/см2 қысымы жағдайында ЖЭО-дан шығатын су температурасы 46 градусты құрады.

«Станцияда төрт қазандық: №6, 9, 14, 15 қазандықтары жұмыс істеп тұр. Алдағы тәулікте №5 және №11 қазандықтарды да іске қосу жоспарлануда. Бұл температураны 65 градустан асыруға мүмкіндік береді», - деді кәсіпорында.

Дүйсенбі күні жөндеу жұмыстары аяқталған соң №12 қазандықты да іске қосу жоспарланған. Станция қызметкерлері жөндеу жұмыстарын тәулік бойы жүргізуде.

Айта кетейік, ЖЭО-дан шығатын (берілетін) желілік судың температурасы 65-70 градус болса, оңтайлы температура саналады.

Еске салайық, 18 ақпан күні түнде Екібастұз ЖЭО-да су жылыту бөлігінің жылу желісін беру коллекторы зақымданды. 3 наурызда ЖЭО- басшылығына 2 760 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынғаны белгілі болды.

Қалада былтырғы жылдың 27 қарашасында болған апат салдарын жою жұмыстары әлі жалғасып жатыр. 28 қараша күні таңертең қалада жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.

Қазір оқып жатыр

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana