USD
USD
USD

Әкімдік: Екібастұзда жарылған су құбыры бүгін жөнделеді

Павлодар облысының әкімдігі Екібастұзда жарылған су құбырының жай-жапсарын түсіндірді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Әкімдік: Екібастұзда жарылған су құбыры бүгін жөнделеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Еске сала кетейік, кеше Екібастұз қаласында «Қалалық су арнасы» ҚКК жөндеу жұмыстары кезінде ЖЭО-ға арналған диаметрі 500 мм болатын техникалық құбыр зақымданған болатын.

Әкімдіктің мәліметінше, бұл ақаудың қаланы ауыз сумен қамту жүйесіне еш қатысы жоқ.

30 желтоқсан 22:11 кезіндегі соңғы ақпарат бойынша, ЖЭО штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

«Жылу электр орталығындағы су қоры үздіксіз жұмыс істеуге жеткілікті. Апат орнында «Қалалық су арнасы» мамандары жұмыс істеп жатыр. Ақауды 31 желтоқсан түнгі 1-ге дейін жөндеп бітеді деп жоспарланған» деп хабарлады әкімдіктен.

Су құбырын қалпына келтіруге төтенше жағдай қызметі, «Қалалық су арнасы» ҚКК, «Екібастұзжылуэнергиясы» ЖШС ресурстары жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков