USD
USD
USD

Екібастұзда жалған мемлекеттік нөмірі бар көлік анықталды

Екібастұзда жалған мемлекеттік нөмірі бар көлік анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұзда жалған мемлекеттік нөмірі бар көлік анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Екібастұз қаласында жалған мемлекеттік нөмірлік белгілері бар ВАЗ-21093 маркалы автокөлігінің жүргізушісі ұсталды, ол ресейлік есепте тұрған автокөлігіне Қазақстанның жалған мемлекеттік нөмірлерін орнатқан.

«21 қараша сағат 15.30 шамасында Кеншілер көшесін патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері 35 жастағы жүргізушінің басқаруымен ВАЗ автокөлігін тоқтатты. Жүргізуші қозғалыс кезінде тәуліктің күндізгі уақытындағы  фараларды қоспаған. Жүргізушіге қатысты осы бұзушылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 602-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды», – деп хабарлады Павлодар облысы Екібастұз қалалық Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Қайыржан Шакарғалиев.

Құжаттарды тексеру кезінде қызметкерлер жүргізушінің көлік құралына Қазақстан Республикасының жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін қойғанын, ал іс жүзінде автокөлік Ресей Федерациясының есебінде тұрғанын анықтады. Көрінеу жалған немесе қолдан жасалған нөмірлік белгілері бар автомобильді басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Полиция осы баптың санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды немесе бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруды көздейтінін атап өтті. Жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі алынды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе