USD
USD
USD

Екібастұзда зейнеткер өз пәтерінде қайтыс болды

Екібастұзда зейнеткер өз пәтерінде қайтыс болды. Мамандар ер адамның денесінен зорлық-зомбылық белгілерін таппады, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Екібастұзда зейнеткер өз пәтерінде қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.Екібастұзда пәтерде ер адамның үсіп қайтыс болғаны туралы WhatsApp-тағы хабарламаның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі шынымен де үйлердің бірінде зейнеткердің қайтыс болғанын, бірақ оған пәтердің суық болуы себеп болмағанын түсіндірді.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, зейнеткер көзі тірісінде қан қысымынан зардап шеккен.

Жедел жәрдем станциясы сағат 17:32-де Екібастұз қаласында пәтерде ер адамның есінен танып қалғаны туралы хабарлады.

"Медицина қызметкерлері 8 минутта жетті. Оқиға орнында дәрігерлер 70 жастағы ер адамның көз жұмғанын анықтады. Ешқандай үсік белгілері байқалмады", – деді станцияның баспасөз қызметі.

Сағат 17:50-де пәтерге полиция шақырылған. Ер адам көз жұмған кезде оның жұбайы қасында болған. Полицейлер ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ екенін айтты.

Қазір оқып жатыр

Hyundai өрт шығуы мүмкін деген қауіппен 95 мыңға жуық Genesis көлігін кері қайтаруда

автокөлік

Қатардан – инвестиция, Каспийге – қорған, экология: Тоқаев халықаралық кездесулерде не айтты?

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбе облысындағы шахтада тау жынысы опырылып, үңгуші қаза тапты

Жұмысшы қазасы

Шымкентте бір үйдің екі баласы көз жұмды: полиция өлімнің алдын ала себебін айтты

Полиция көлігі