USD
USD
USD

Екібастұзда целлофанға оралған «мәйіт» тіріліп кетті

Целлофанға оралған ер адам екібастұздықты шошытты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұзда целлофанға оралған «мәйіт» тіріліп кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Екібастұз қаласының тұрғыны әдеттегідей таңертең сағат 07.00-де итін серуендету үшін далаға шықты. Қала тұрғыны М.Әуезов көшесіндегі үйдің ауласында сыртынан ешқандай тіршілік белгісі жоқ, целлофанға оралған ер адамды байқаған.

Қала тұрғыны бірден полицияға хабарлауға асықты, өзімен бірге телефоны болмағандықтан, ол жақын жерде орналасқан автотұрақ қызметкерлерінен полицияға хабарлауды сұрады. Оқиға орнына жеткен полицейлер целлофанды ашып жатқан кезде, кенет “мәйіт” орнынан тұрып жүгіре жөнелді.

Белгілі болғандай, бір күн бұрын алкогольді көп ішіп қойған ер адам үйіне жете алмай, жерден целлофан тауып алып, жаңбырдан жасырынамын деп оны үстіне жауып алып, ұйықтап қалған.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу