USD
USD
USD

Екібастұзда өрт сөндірушілер өрт кезінде 3 адамды құтқарды

2023 жылғы 03 сәуірде сағат 16:20-да Екібастұз қаласы Матросов көшесі, 9 үй мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Екібастұзда өрт сөндірушілер өрт кезінде 3 адамды құтқарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде бесінші қабаттағы пәтерден түтін шығып жатты. 12 шаршы метр аумақтағы бөлмелердің бірінде жиһаз, үй заттары өртенді. Өрт салдарынан үйлердің кіреберістеріне түтін тез тарады.

2-МӨСБ  бөлімінің командирі азаматтық қорғау старшинасы Сартымбеков Асылхан, 2-МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау кіші сержанты Пронченко Роман және 6-ӨСБ қарауыл бастығы азаматтық қорғау капитаны Бутенова Руслан  "Respihood" құтқару қалпақшасының көмегімен баспалдақ арқылы 3 адамды құтқарды. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 15 адам өз бетінше эвакуацияланды, оның ішінде 5 бала. Өртті 16:50-де ауыздықтап, көп ұзамай 17:05-те өрт толық жойылды.

Өртті сөндіруге 12 қызметкер мен үш бірлік техника қатысты. Өрттің себебі анықталуда.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе