USD
USD
USD

Екібастұзда Әкімдік ғимаратының «миналанғаны» туралы жалған ақпарат беруші ұсталды

6 желтоқсан күні сағат 20.30-да Екібастұз полициясына әкімдік ғимаратына бомба салынғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Екібастұзда Әкімдік ғимаратының «миналанғаны» туралы жалған ақпарат беруші ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. – Оқиға орнына дереу барлық қызметтер жіберілді. Жедел-тергеу тобының қызметкерлері әкімдік ғимаратында тексеру жүргізді. Тексеру кезінде ғимаратта 3 қызметкер болды, эвакуация жүргізілді. Жарылғыш заттар ғимаратта ешқандай күдікті және жарылғыш құрылғыларды таппады. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар"бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу нәтижесінде полиция күдікті Екібастұз қаласының тұрғынын ұстады. Өз кінәсін мойындады, – деді Екібастұз қаласы ПБ бастығы Қайыржан Шақарғалиев.

Полиция күдіктінің 2019 жылы осындай қылмыс жасағаны үшін сотталғанын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық