USD
USD
USD

Екібастұзда 13 жыл іздеуде жүрген әйел ұсталды

Павлодарлық жедел уәкілдер 13 жыл бойы іздеуде жүрген азаматты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұзда 13 жыл іздеуде жүрген әйел ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жедел уәкілдер 67 жастағы әйелді ұстады, ол алаяқтық жасағаны үшін соттан жасырынған. 2006 жылы Алматы қаласында кәсіпкер ханым мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйді ресімдеу бойынша қызметтерді ұсына отырып, бір әйелді 36 миллион теңгеге алдаған. Күдіктінің уәделерінен әбден көңілі қалған жәбірленуші шыдамы таусылып, полицияға жүгінген. Ал 2010 жылдан бері күдікті мүлде жоғалып кеткен.

– Күдікті іздестірілді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жедел қызметкерлер Екібастұз қаласында күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында. Іздестіру бастамашысына ұсталғаны туралы хабарланды, – дейді Павлодар облысының полиция департаменті.

Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық құқық бұзушыларды іздестіру жұмыстары полиция басшылығының ерекше бақылауында. Тек осы жылы Павлодарлық жедел уәкілдер 126  қылмыскерді іздестірді.

– Сот төрелігінен жасырудың мағынасы жоқ. Қашқындар сот төрелігі үшін қол жетімсіз болып, өз қалалары мен елдерінен тыс жерде жасырынып жүрсе де, олар жасаған әрекеттері үшін әлі де жауап беруі керек, – деп атап өтті полиция.

Қазір оқып жатыр

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

DoubleTree by Hilton

Ресейлік сарапшылар мен дипломаттар Тоқаевтың Жолдауын талқылады

.

Ақтөбе облысында тоғыз күн ішінде «Қазхромның» екінші жұмысшысы қаза тапты

ТЖ