10 Желтоқсан 10:53
...
Екібастұз Жылу электр орталығында тағы апат болды
Екібастұздағы жылу электр орталығында тағы да апат болды. Мәліметтер бойынша, түнде күл шығаратын құбырда ақау болған.
Алматы, NEGE. «ЕкібастұзЖылуЭнерго» мәліметінше, 10 желтоқсан күні сағат 01.10-да Екібастұз ЖЭО-ның күл шығаратын құбырында ақау анықталған. Сағат 05.30-да ақау жойылған.
«Ақау салдарынан су жылыту қазандықтарының екінші цехінде багер сорғысын су басып қалды. Резервте болған екі энергетикалық қазандық агрегаты іске қосылды», - деп хабарлады «ЕкібастұзЖылуЭнерго».
Мәліметке сүйенсек, қазіргі уақытта станцияда 7 қазандық агрегаты істеп тұр (Nº 5, 6, 7, 9, 11, 13, 14), оның ішінде су жылыту цехіндегі 3 қазандық уақытша мазутпен жағылып жатыр.