USD
USD
USD

Екібастұз ЖЭО-сына айыппұл салынды

Павлодар облыстық прокуратурасының тапсырмасы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-нің бірнеше цехына жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Екібастұз ЖЭО-сына айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Департаменттің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сай, тексеріс барысында Екібастұз жылу электр орталығында санитарлық талапқа сәйкес келмейтін фактілер анықталған. Атап айтқанда, қазандық-турбиналық цехының аумағында көп көлемде шаңның болуы, үйлердегі температураның параметрлерге сәйкес келмеуі сияқты кемшіліктері белгілі болған. Сонымен қатар, цехтар тиісті көлемде жарықпен қамтамасыз етілмеген. Оған қоса ауыз су сапасы гигиеналық нормаға сай болмай шыққан.

«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-не қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс алғашқы кезеңде Екібастұз қаласының сотында қаралды. Онда сот Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы 1-бөлігіне сай, «Екібастұзжылуэнерго» серіктестігіне жалпы сомасы 1600 АЕК (5 520 000 теңге) айыппұл салу туралы қаулы шығарды», - делінген облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарламасында.

Кәсіпорын соттың бұл шешіммен келіспесе, жоғары сот органына шағымдануға құқылы.

Айта кетейік, бұған дейін де Екібастұз жылу электр орталығына 2,7 млн теңге айыппұл салынған. Ал өткен 27 қарашада Екібастұз ЖЭО-сындағы төрт бірдей қазандық істен шығып, қала жылусыз қалған еді.

Қазір оқып жатыр

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич

Өзбекстан құрамасы Конгоға есе жіберіп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады

Өзбекстан құрамасы