Екібастұз ЖЭО-ын үкіметтік комиссия тексереді

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Павлодар облысына жұмыс сапары кезінде Екібастұз ЖЭО-ың проблемаларын анықтау және оларды шешу үшін комиссия құруды тапсырды. Мұндай тексерісті бастау туралы аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов монополист компанияның басшылығының және акционерлерінің қатысуымен өткен жиналыста хабарлаған еді.
Павлодар, NEGE. «Өңірдегі өмір сапасына едәуір әсер ететін аспект – жылу желілерінің тозуының жоғары деңгейі. Біз Павлодардағы жылумен қамту желілеріне диагностика және техникалық аудит жүргізіп, тозу деңгейі 85,7%-ы, жылу қуаттылығының дефициті 2022 жылы сағатына 364 Гкал-ы құрағанын анықтадық. Бұл мәселе Екібастұздағы жағдай бойынша аса өзекті болып тұр. Еліміздің отын-энергетика кешені алдағы жылыту маусымын қауіппен күтіп отыр», - деп нақтылады Павлодар облысының әкімі кейін осы бойынша тиісті тапсырма берген премьер-министрдің алдында берген өзінің есебінде.
Жиында қаралған мәселелердің қатарында өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту да сөз болды. Атап айтқанда, оны дамытуға Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпірді салу оңтайлы әсер етеді. Министрлер кабинетінің басшысы көпір құрылысына, сондай-ақ, аудандық маңызы бар жолдардың бірін реконструкциялауға қаржы бөлуді тапсырды.
Аймақтағы өнеркәсіптік кәсіпорындарды кешенді экологиялық жұмыс тәртібіне көшіруді үдету қажеттілігіне де назар аударылды. Павлодар облысында экология өзекті мәселелердің бірі екендігі мәлім, сондықтан өңірге газ тарту мәселесі қайта көтерілді. Бұл мәселе бойынша үкіметтік келіссөздерді жалғастыру жоспарланып отыр.
Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының өткен жеті ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді. Өзге де басты салалармен қатар агроһөнеркәсіптік кешен де қарқынды даму үстінде. Бұған суармалы егіншілік оң әсерін тигізуде. Екі жылдың ішінде өңірдегі суармалы жерлердің аумағы 35 мың гектарға ұлғайды, биыл бұл көрсеткішті 143 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр. Сқақов суармалы егіншілікті дамыту едәуір әрі тез қол жеткізілетін нәтиже беретінін атап өтті.
«Ең алдымен, егістік алқаптары әртараптандырылады, жыл басынан бері 90 мың гектар жер айналымға енгізілді. (…) Екіншіден, суару өндірілетін жем-шөптің саапсын жақсартады, бұл өз кезегінде, өңірдегі ет және сүт бағытындағы мал шаруашылығының дамуына тың серпін береді. Атап айтқанда, сүтті-тауарлы фермалардың саны өсуде: соңғы екі жылдың өзінде облыста жергілікті СТФ-ың үштен бір бөлігі салынды. АӨК-гі осы және өзге де оң өзгерістер бұл салаға инвестициялардың көбірек тартылуына әсер етеді. Жыл басына бері инвестициялардың көлемі 10%-ға дейін артты, екі жыл ішінде бұл көрсеткіш 150 миллиард теңгеден астам соманы құрады», - деп хабарлады Павлодар облысының әкімі.
Әбілқайыр Сқақов Ертіс өзені сияқты қуатты су әлеуеті бар өңір суармалы егістік алқаптарын едәуір арттыра алатынына сенім білдірді, әкімдіктің тиісті есептеулері мен ұсыныстары бар. Тараптар суармалы егіншілікті дамыту үшін арнайы бағдарлама құрастыру керек деген келісімге келді.