USD
USD
USD

Екібастұз тұрғыны он күннен бері іздестіріліп жатыр

Екібастұзда 34 жастағы Денис Покотиленконы іздеу жалғасуда. Ер адам 13 қазанда баласын балабақшаға апарған соң жоғалып кеткен, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Екібастұз тұрғыны он күннен бері іздестіріліп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Еріктілер, туыстары мен жақындары оның тірі екеніне үміттенеді.

VITA іздеу тобының мәліметінше, жақында бейнебақылау камераларынан ер адамның жоғалған күні үйіне қайта барғаны белгілі болған.

«Біз оның үйіне оралғанын камерамен анықтадық. Содан кейін оның қай уақытта шыққаны анық емес. Әрі қарай қайда кеткенін камера арқылы қарап жатырмыз. Әзірге анықтау мүмкін болмай жатыр», - деді топ жетекшісі Екатерина Кудрявцева.

Екібастұздық еріктілердің айтуынша, ер адамды қайдан іздеу керек екенін көрсететін іздер жоқ. Еріктілер тіпті Баянауылға да барған.

«Оны барлық жерден іздедік. Көлікжайлар мен саяжайларды қарадық. Ер адам жүрген жолмен кинологпен бірге жүріп шықтық. Өкінішке қарай, бұл нәтиже бермеді», - дейді іздеу жұмыстарының үйлестірушісі Самал Дүйсенбаева.

Қазіргі уақытта бірнеше топқа бөлінген еріктілер, туыстары, достары, әріптестері және полицейлер ер адамды іздеуде.

Еске салайық, Денис Покотиленконың бойы 180-185 см, көзі қоңыр, дене бітімі орташа, шашы қара. Ер адамның сол қолында қара кеме түріндегі татуировкасы бар, ал оң қасында кішкентай тыртық бар.

Қазір оқып жатыр

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев

Астанада бір донор бірден үш науқасқа өмір сыйлады

Донор мен дәрігерлер

Қарағанды облысында бес жерде табиғи өрт сөндірілуде

Қарағанды облысындағы өрт аумағы

Жетісуда еңбек өтілі 20 жылдан асатын шенеунік құмар ойын үшін жұмыстан босатылды

Шенеунік