Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Екібастұз тұрғыны алимент төлеуден жалтарғаны үшін пәтерінен айырылды

Павлодар облысының жеке сот орындаушысы алимент бойынша қарызы үшін Екібастұз қаласы тұрғынының 4 бөлмелі пәтерін сатты.

Екібастұз тұрғыны алимент төлеуден жалтарғаны үшін пәтерінен айырылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Әділет министрлігінің мәліметінше, 2016 жылдан бері немқұрайлық танытқан әке баласына жалпы сомасы 2,2 млн теңге мөлшерінде алимент қарыз болып қалған. «Борышкер бірнеше рет жеке сот орындаушысына шақырылып, баласын асырауға алимент төлеу қажеттілігі туралы ескертілді. Алайда, ол сот шешімін назарға алмай, туған баласына көмектесуге асықпады. Осыған байланысты Павлодар облысының жеке сот орындаушысы Екібастұз қалалық сотына жылжымайтын мүлікті өндіріп алу туралы ұсыным берді. Кейіннен электрондық аукцион қорытындысы бойынша жоғарыда аталған пәтер 4,6 млн теңгеге сатылды. Жеке сот орындаушысының іс-әрекетінің арқасында бала заңмен белгіленген 2,2 млн теңге мөлшеріндегі қаражатқа ие болды. Қалған сома борышкерге қайтарылды», - деп атап өтеді ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

Көрімдік берудің жаңа тәсілі: Aitu-да дәстүрге арналған аударымдар пайда болады

 Aitu

Алдағы 12 айда базалық мөлшерлеме 14,75%-ға дейін төмендеуі мүмкін – сарапшылар

Базалық мөлшерлеме бойынша болжам

Отбасы банк: зейнетақы жинақтарының шегін арттыру ипотекалық өтінімдерге әсер етпеді

Ұмай

Қазақстанда тұрғын үй саудасы түсіп барады

тұрғын үй нарығы