USD
USD
USD

Екібастұз тұрғындары жылусыз қалды: Павлодар облысының әкімі түсініктеме берді

Павлодар облысының әкімі Екібастұздағы жылу электр орталығында болған апатқа қатысты түсініктеме берді.

Екібастұз тұрғындары жылусыз қалды: Павлодар облысының әкімі түсініктеме берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша, ол өзінің бірінші орынбасары, "Павлодарэнерго", қала әкімдігі мен Екібастұз ЖЭО басшылығымен бірге апат болған жерде жүр.

"27 қарашада сағат 11:00-де су үш есе көп тұтынылғаны анықталды. Станцияда тестілеу жүргізілді, нәтижесінде судың азаймайтыны анықталды. Демек жылу желілерінде апат болған", - деді аймақ басшысы.
Оның айтуынша, бірнеше дрон ұшырылып, жылу желілері 10 жерден зақымданғаны анықталды. Оларды жөндеуге бригадалар жұмылдырылды, қазір апатты жойып жатыр.

Бірақ, әкім "бұл жылу желілеріндегі ауқымды апат фактісін жоққа шығармайды. Қазір зақымданған жерлерді анықтау үшін арнайы штаб жұмыс істеп жатыр".

Әбілқайыр Сқақов тұрғындардан дүрбелеңге салынбауды өтінді. Тұрғын үй шаруашылығы басшылығы және тұрғын үй жетекшілерімен кездесу өтті. Оларға қазіргі жағдайда қалай әрекет ету керектігі түсіндірілді.
Жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.