USD
USD
USD

Екібастұз: Қанша үй әлі жылуға қосылмаған?

Жылуды кезең-кезеңімен қосу жұмыстары жалғасып жатыр. 3 желтоқсан күні сағат 19:00-де 9 үйді жылуға қосу жұмыстары аяқталған

Екібастұз: Қанша үй әлі жылуға қосылмаған?
Фото: NEGE.kz

. Ал 19 үй жылуға әлі қосылмаған, деп хабарлады Stan.kz  ақпарат агенттігі.

Алматы, NEGE. "Қажетті шаралар жалғасуда. 9 үйдің нақты қайсысы жылуға қосылды деген сұраққа әзір жауап бере алмаймын. Алайда бұл сөзсіз Момышұлы 59, 53, 57, 52, 50 және Шешембеков көшелері", - деді Павлодар облысының әкімі міндетін атқарушы Олег Крук өткен брифингте.

Брифингте сондай-ақ Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин де қатысты.

Жылу қосылған үйлер жайлы нақты ақпаратты жедел штаб кейінірек нақтылауға уәде берді.

"Бүгін немесе ертең мүмкіндігінше жылуды қосуға тырысамыз. Кеше 28 үй жылусыз тұрған болса бүгін олардың саны 19-ға қысқарды. Бүгін біз қайтадан жиналып, ісімізді нақтылап таңертең бұл көрсеткішті тағы да азайтамыз деп үміттенеміз", - деп қосты ол.

Қазір оқып жатыр

Hyundai өрт шығуы мүмкін деген қауіппен 95 мыңға жуық Genesis көлігін кері қайтаруда

автокөлік

Қатардан – инвестиция, Каспийге – қорған, экология: Тоқаев халықаралық кездесулерде не айтты?

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбе облысындағы шахтада тау жынысы опырылып, үңгуші қаза тапты

Жұмысшы қазасы

Шымкентте бір үйдің екі баласы көз жұмды: полиция өлімнің алдын ала себебін айтты

Полиция көлігі