USD
USD
USD

Екібастұз қаласындағы «Богатырь Көмір» басшыларының қылмыстық әрекеті әшкереленді

Екібастұз қаласындағы «Богатырь Көмір» ЖШС орта буын басшыларының қылмыстық әрекетін ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті анықтады.

Екібастұз қаласындағы «Богатырь Көмір» басшыларының қылмыстық әрекеті әшкереленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Автобаза директоры ЖШС-да басшылық қызмет атқаратын басқа тұлғалармен жүйелі түрде тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлап, 45,5 млн теңге көлемінде материалдық залал келтірген деген күдікке ілінді. 

Қылмыстық схема көлік құралдарының қосалқы бөлшектерін есептен шығару, жаңасын алу және оларды орнату имитациялап, құжаттарға қол қоюдан тұрды. Жаңа қосалқы бөлшектер болмағандықтан арнайы техника істен шығып, ұзақ уақыт жұмыс істемей тұран. Ал, жоғарыда аталған тұлғалар жаңа қосалқы бөлшектерді сатып отырған.

Аталған тұлғалар ұсталып, ұрланған жүк көліктерінің қозғалтқыштары мен беріліс қораптары тәркіленді.

Сот олардың кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктілерге қатысты «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе