USD
USD
USD

Екібастұз: Әкімнің орынбасары тергеуге алынды

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары мен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің лауазымды тұлғаларының үстінен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Екібастұз: Әкімнің орынбасары тергеуге алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Telegram каналында осындай мәлімет тарады.

«Павлодар облысында Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары мен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Олар мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыс актілеріне қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігерлік ұйымдардан жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді», - деп жазылған агенттіктің мәліметінде.

Сондай-ақ, Қостанай облысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы бөлімшелерінің бұрынғы басшылары ұсталған көрінеді.

«Олар азаматтардан жол қозғалысы ережелерін білу емтиханынан өткені туралы бланкілерді ешқандай сынақсыз берегін үшін ақшалай сыйақы алатын ұйымдасқан топты құрып, басқарып отырған деген күдікке ілінді. Ұйымдасқан топтың әрекетінен жол ережелерін білмейтін жүргізушілер көлік тізгіндеу құқығына ие болған. Бұл азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді», - деп жазады агенттіктің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы