USD
USD
USD

Екі жылда 40 фильм түсіріледі

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы 40-қа жуық фильм түсіруді қолға алады.

Екі жылда 40 фильм түсіріледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мұнша жоба үшін бұрын-соңды мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінбеген. Туындылардың кейбірін жыл соңына дейін дайындау жоспарланып отыр. Ал басым бөлігі келер жылы түсіріледі. Татарстан және Венгриямен бірлескен картиналар жарыққа шығады. Сонымен қатар Жеңіс құрметіне арналған бірнеше фильм әзірлеу көзделіпті. Дегенмен киноиндустрия өкілдерінің айтуынша, түсірілім жұмыстары мүлде тоқтаған емес. 

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басқармасы төрағасының орынбасары Айдар Баталов: «Кинотүсірушілер коронавирус инфекциясына қатысты қалыптасқан қиын жағдайға қарамастан түсіністік танытты. Өздерінің өндірістік бюджетін қысқартты. Кейбір картиналарға кететін шығынды бес проценттен 20 процентке дейін азайтты» деді. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының өкілдері кинотеатрлардың тезірек ашылғанын қалап отыр. Себебі коронавирус пандемиясы салдарынан бұл сектор миллиардтаған шығанға батқан. Жеті мыңнан астам адам жұмыссыз қалған көрінеді.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.