USD
USD
USD

Екі жасөспірім селфи жасаймын деп құлап өлді

Алматы облысында смартфон камерасының көмегімен автопортрет жасау, яғни бірегей селфи түсіру әрекетінің соңы қайғылы жағдайға әкеліп соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екі жасөспірім селфи жасаймын деп құлап өлді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 20 тамыз күні сағат 19:19 шамасында Алматы облысы Алакөл ауданы Бескөл ауылында балық зауытының маңында бөлек тұрған ғимаратта 2004 және 2005 жылы туған екі жасөспірім суретке түсу кезінде қаза тапты. 2004 жылы туған үшінші адам оң аяғы сынып, Үшарал қаласындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Құтқарушылар оқиға орнына келген бойда жасөспірімдерді 1991 жылдан бері жұмыс істемей тұрған 2 қабатты ғимараттың ішінде бетон плита басып қалғанын анықтады. «Құтқару жұмысын жүргізуге Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінен 7 құтқарушы мен 3 техника және басқа мекемелерден 7 қызметкер мен 3 техника тартылды» деп толықтырды ведомство.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай