USD
USD
USD

Екі жасөспірім Сәтпаев атындағы су арнасына батып кетті

Олардың қасында ата-аналары мен басқа да ересек адам болмаған. Балалардың киімдері жағадан табылды.

Екі жасөспірім Сәтпаев атындағы су арнасына батып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 112 пультіне кеше сағат 18.00-де Екібастұз қаласының әкімшілік бағынысындағы Байет ауылының 6 және 7-сыныптың екі оқушысы Сәтпаев арнасына бет алып, қайтып оралмағаны туралы телефон арқылы хабарлама келіп түсті.

Екібастұз қаласының құтқарушылары түнде бір баланың, таңертең екінші баланың денесін тапты.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жабдықталмаған су айдындарында шомылуға тыйым салынғанын ескертті.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон