USD
USD
USD

Екі зейнеткер мемлекетті алдап келген

Қарағанды облысында екі зейнеткер 20 жыл бойы жоғары көлемдегі зейнетақыны заңсыз алып келген.

Екі зейнеткер мемлекетті алдап келген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекетке келтірілген шығын 16,7 млн теңгені құрады, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Қарағанды полицейлері еңбек кітапшасына жалған мәлімет енгізудің екі фактісін анықтады.

«30 тамыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасы Орталық полиция бөліміне алаяқтықтың екі фактісі бойынша істер келіп түсті. Анықталғандай, 71 жастағы ер адам 2000 жылы еңбек өтілі туралы жалған мәліметтер ұсынған. Осылайша, 20 жылда алған зейнетақы төлемінің жалпы сомасы 7,4 млн теңгені құрады. Сондай-ақ еңбек өтілін өз пайдасына қарай жазып алған 75 жастағы әйел 20 жыл бойы жоғары көлемдегі зейнетақы алып келген. Солайша мемлекетке 9,3 млн теңге шығын келтірді. Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (Алаяқтық) қылмыстық істер қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», – делінген ақпаратта.

Қазір оқып жатыр

Астанада әйелдің қазасынан кейін төрт бұрынғы полиция қызметкері ұсталды

ұрлық

ҚМГ: АИ-95 пен АИ-98 өндірісінде ақау анықталған жоқ

бензин экспорты

Индустриялық аймақтар Alatau City-дің бірыңғай экономикалық жүйесіне біріктіріледі

Дөңгелек үстел қатысушылары

130 мың тонна астық қазақстандық өнім ретінде экспортталған: мемлекетке 1,2 млрд теңге залал келді

Астық