Екі түсті 100 теңгелік монета айналымға шығарылды
Қазақстан Ұлттық банкі "Дала қазынасы" сериясы бойынша "JETI QAZYNA" монеталарын айналымға шығарады.
Алматы, NEGE. ҚР Ұлттық банк баспасөз қызметінің мәліметінше, номиналы 100 теңгелік биколорлы айналыстағы монеталар 7 түрде берілген - "ER JIGIT", "SULÝ ÁIEL", "QUMAI TAZY", "AQYL BILIM", "BEREN MYLTYQ", "JÚIRIK AT", "QYRAN BÚRKIT".
Бұл монеталар айналымға тек екінші деңгейдегі банктер арқылы шығарылады. Кейін айналымдағы өзге монеталармен бірге қолма-қол ақша түрінде пайдаланылады.
Техникалық сипаттамалары жағынан олар номиналы 100 теңгелік монеталарға толығымен ұқсас. Сол себепті "JETI QAZYNA" монеталарын қабылдау үшін төлем терминалдары мен басқа да кассалық техниканы қосымша қайта теңшеу талап етілмейді.
100 теңгелік номиналдың массасы – 6,45 г, диаметрі – 24,5 мм. Әр түрінен 500 000 дана, жалпы таралымы – 3,5 млн дана.
"JETI QAZYNA" коллекциялық монеталары:
1) 500 теңгелік номинал «proof» сапасымен 999/1000 сынамалы алтыннан тұрады, , массасы 7,78 грамм, диаметрі 25 мм, таралымы 1000 дана;
2) 5000 теңгелік номинал «proof» сапасымен 925/1000 сынамалы күмістен тұрады, , массасы 777,5 грамм, диаметрі 100 мм, таралымы 250 дана;
3) 500 теңгелік номинал «proof» сапасымен 925/1000 сынамалы күмістен жасалған, , массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, таралымы 3 000 дана;
4) 200 теңгелік номинал «рrооf-like» сапасымен МН 25 мельхиор қоспасынан жасалған, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, таралымы 25 000 дана.
5) 100 теңгелік номинал «brilliant uncirculated» сапасымен нибрасс/нейзильбер қоспасынан тұрады, массасы 6,45 грамм, диаметрі 24,5 мм, әр түрінен 25 000 дана, жалпы таралымы 175 000 дана.
Номиналы 500 теңгелік - алтыннан, номиналы 500 және 5 000 теңгелік - күмістен дайындалған монеталар, номиналы 200 теңгелік мельхиор қоспасынан дайындалған бір коллекциялық монетадан және номиналы 100 теңгелік «brilliant uncirculated» сапасымен нибрасс/нейзильбер қоспасынан дайындалған жеті биколорлы айналыстағы монетадан тұратын блистерлік жиынтық коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.
Алтыннан және күмістен дайындалған монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. "рrооf-like" сапасымен мельхиор қоспасынан және «brilliant uncirculated» сапасымен нибрасс/нейзильбер қоспасынан дайындалған монеталар блистерлік жиынтықта шығарылады.
Қазір оқып жатыр
Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды
Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?
Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті
«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған