USD
USD
USD

Екі түрме жабылады

  ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасымен, түрмеге қамалғандарға тиісті жағдай жасау мақсатында ағымдағы жылдың соңынан дейін орташа қауіпсіздіктегі екі түзеу мекемесі жабылады. 

Екі түрме жабылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Олар: Қостанай облысындағы Құсмұран кентінде орналасқан УК-161/4 және Шығыс Қазақстан облысындағы Шуақ кентіндегі ОВ-156/17 мекемесін жабу жоспарланған. Бұл туралы ҚР ІІМ ҚАЖ комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Белгілі болғандай, соңғы онжылдықта Қазақстанда түрмеге қамалғандар саны екі еседен көп азайған. Осыған байланысты, біз ең ескі, сәулет және техника жағынан ескірген абақтыларды біртіндеп жабу бойынша жұмыстарды жүргізіп жүргенімізге бірнеше жыл болды. Мысалы, былтыр төрт мекеме жабылды. Негізінен облыс орталықтарынан алыс орналасқан мекемелер жабылуда, себебі ондағы сотталушыларды жұмысқа тұрғызып, қызметкерлерді жұмысқа алу мәселелері күрделі. Үнемделген қаржы басқа пенитенциарлық мекемелерді материалдық-техникалық жағынан нығайтуға бағытталады», - деп атап өтті ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының м.а Есқали Саламатов.

Комитеттің хабарлауынша, жабылып отырған мекемелердің қызметкерлері жұмысын ведомствоның басқа бөлімшелерінде жалғастырады. Ал ондағы сотталушыларға келетін болсақ, олар коммуналдық-техникалық жағдайы жақсы осыған ұқсас жақын мекемелерге біртіндеп көшіріледі.

Сондай-ақ, заңнама талаптарына сәйкес, мекеме басшылығы сотталушының жазасын өтеу орнына келуі жөнінде оның ең жақын туыстары немесе заңды өкілдеріне уақытылы, жазбаша үлгіде ескерту жібереді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай