USD
USD
USD

Екі түркістандық 7 млрд астам теңге көлемінде салық төлеуден жалтарған

Түркістан облысының екі тұрғыны 2017-2019 жылдары аралығында «Фаворит Инвест Строй», «Азия-Tech» және «Таңшолпан-Нұр» ЖШС-ін үшінші тұлғаларға тіркеу арқылы қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастырған.

Екі түркістандық 7 млрд астам теңге көлемінде салық төлеуден жалтарған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Және оған басшылық ете отырып іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызмет түрлерін көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жалған шот-фактура жазып беруді жүзеге асырған. Аталған деректі ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Айыпталушылар контрагент сатып алушылардан белгілі бір мөлшерде сыйақы алу арқылы ұйымдарға салынатын салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарған. Заңсыз іс-әрекет нәтижесінде мемлекет бюджетіне 7 млрд астам теңге көлемінде залал келтірілді. Азаматтардың қылмысы ҚР ҚК 28-бабының 2, 3 және 5-б., 216-бабының 3-б., 245-бабы 3-б. сәйкес сараланып, Жетісай аудандық сотының үкімімен азаматтардың бірі 5 жарым жылға, ал екіншісі 3 жылға сотталды.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян