USD
USD
USD

Екі полицейді көлік қағып кетті

«Шетелдік көлік Жамбыл облысында Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолында жол-көлік оқиғасына қатысты құжат толтырып тұрған патрульдік полиция батальонының екі бірдей инспекторын қағып кетті», деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Екі полицейді көлік қағып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «25 желтоқсан күні облыстық патрульдік полиция қызметкерлері Жамбыл облысының аумағындағы Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолының 205 шақырымында, Қордай ауданы Соғанды ауылы маңында жол шетінде аударылып қалған Honda маркалы минивенін байқаған. Аталмыш жол-көлік оқиғасын рәсімдеу кезінде жол шетінде тұрған полиция қызметкерлерін Тараздан Алматыға кетіп бара жатқан Audi A6 маркалы көлігі қағып кеткен. Көктайғақ салдарынан 33 жасар көлік жүргізушісі мәшине рөлін басқара алмай қалған. Нәтижесінде, инспекторлар зардап шегіп, полиция аға лейтенанты Серік Ибраимовтың жағдайы ауыр, ал полиция аға лейтенанты Бақытжан Наурызбаев түрлі жарақат алған», – деп жазылған хабарда. Полиция қызметкерлері Қордай аудандық Орталық ауруханасына жеткізілген.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама