USD
USD
USD

Екі пойыз соқтығысып, 85 адам зардап шекті

Испанияда жүк және жолаушылар пойызы соқтығысып, салдарынан машинист мерт болды, 85 адам жарақат алды, деп хабарлайды Independent.

Екі пойыз соқтығысып, 85 адам зардап шекті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Апат кешкі уақытта Барселонадан 15 шақырымдай жерде орналасқан Каталонияда болған. Калий тиеген жүк пойызы Испанияның солтүстік-шығысындағы Сан-Бой-де-Льобрегат стансасына кірген кезде рельстен шығып кеткен.

Содан кейін вокзалдан шыққан жолаушылар пойызының алдыңғы жағына соқтығысқан.

Испания билігінің хабарлауынша, төтенше жағдайлар бригадасы жолаушылар пойызынан 100-ге жуық адамды эвакуациялауға көмектескен. Машинист көз жұмды, екеуі ауыр жарақат алды, қалғандары жеңіл жарақат алған.

Қазір оқып жатыр

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев