USD
USD
USD

Екі облыста жол жабық

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің екі облысында көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Екі облыста жол жабық
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ауа райының бұзылуына байланысты қозғалысқа шектеу келесідей республикалық маңызы бар тасжолдарда енгізілді: Ақтөбе облысында, жүк және қоғамдық көліктер үшін:

1. «Самара-Шымкент» автожолының 776-1153 шақырымында, атап айтқанда, «ЭКО ОЙЛ» ЖҚБ мен (М-32 және А-26) жол айрығы аралығындағы учаскеде.

2.«Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолының 0-234 шақырымында, атап айтқанда, Қарабұтақ ауылы мен Қостанай облысының шекарасы аралығындағы учаскеде. Автокөліктің барлық түрлері үшін.

3.«Қандыағаш-Эмба-Шалқар-Ырғыз» автожолының 3-257 шақырымында, атап айтқанда, Қандыағаш және Шалқар қалаларының аралығындағы учаскеде.

4.«Ақтөбе-Атырау-РФ шек.» автожолының 100-180 шақырымында, атап айтқанда Қандыағаш қаласы мен Шұбарқұдық ауылының аралығындағы учаскеде (учаске реконструкцияланып жатыр, «Юнисерв» ЖШС). Қостанай облысында, жүк және қоғамдық көліктер үшін :

1. «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолының 234-368 шақырымында, атап айтқанда, Ақтөбе облысының шекарасы мен Денисовка ауылының аралығындағы учаскеде.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер