USD
USD
USD

Екі мың ерікті вакцина салдырды

Алматыда екі медициналық ұйымның базасында QazCovid-in инактивацияланған вакцинаны сынақтан өткізудің III фазасы жүріп жатыр.

Екі мың ерікті вакцина салдырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматылық 2 мың ерікті вакцинациядан өтеді.

Сынақтың алғашқы екі күнінде 300 адам вакцина салдырды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты отандық вакцинаның І және ІІ фазасын клиникалық сынақтан өткізгені белгілі.

Алдын ала жасалған шаралардың нәтижесі отандық вакцина қауіпсіздігінің, иммуногендігінің және тиімділігінің жоғары деңгейін көрсетті.

Сынақ сәтті аяқталған жағдайда Денсаулық сақтау министрлігінде тіркелген соң ерікті түрде жаппай вакциналау наурыз айына жоспарланған.

Елімізде жасалған вакцинаға үлкен үміт артылып отыр. Өйткені екпе жасау -инфекцияның жаппай таралуына қарсы бірден-бір тиімді әдіс.

Айта кетерлігі, Алматыда сыйымдылығы 200 мың орын болатын «Спутник V» антиковидті вакцинаны сақтайтын қойма дайын.

Препаратты ұзақ сақтау үшін нақты бір температуралық режимді ұстау – маңызды шарттың бірі.

Қазір оқып жатыр

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес