USD
USD
USD

Екі мемлекет арасын метро жалғамақ

Женевада 15 желтоқсанда Lemans Express жеңіл метросы іске қосылады. Бұл метро Швейцария мен Франция қалалары арасын жалғайды. Бұл туралы ҚазАқпарат Neue Zurcher Zeitung басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Екі мемлекет арасын метро жалғамақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Lemans Express жүйесі екі елдің аумағындағы 45 стансаны қамтиды, оның жалпы қашықтығы 230 шақырым. Осы бағытта Женевадан әрбір он минутта жолға шығатын 45 пойыз тартылды. Жобаның құны – 1,5 млрд еуро. Жаңа көлік жүйесі жолдағы автомобильдер санын 12%-ға қысқартып, күн сайын 650 мың автокөлік кесіп өтетін Франция-Швейцария шекарасындағы кептелісті азайтуға мүмкіндік береді деп жоспарлануда. Францияда баспана құны арзанырақ, ал Швейцарияда жалақы жоғары болғандықтан көптеген
адамдар бір мемлекетте жұмыс істеп, келесі елде тұрып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy