USD
USD
USD

Екі күнде көші-қон заңнамасының 3 762 құқық бұзушылығы тіркелді

Қазақстанда заңсыз жүрген 322 шетелдік елден шығарылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

 Екі күнде көші-қон заңнамасының 3 762 құқық бұзушылығы тіркелді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Шетелдіктердің ҚР-да болуын көзделген ережелерін мүлтіксіз орындауды қамтамасыз ету мақсатында 27 маусым мен 4 шілде аралығында ел бойынша «Нелегал-2022» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Полиция шара аясында шетелдіктердің көп тұратын жерлеріне, құрылыс объектілеріне, базарларға, ұйымдардың және шетелдіктердің жалдамалы еңбегін заңсыз пайдаланатын жұмыс берушілерге тексеру жүргізеді, сондай-ақ автокөлік құралдарын тексереді.

Операцияның екі күнінде көші-қон заңнамасының 3 762 құқық бұзушылығы тіркелді, шетелдіктердің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін – 1 239, шетелдіктердің еңбегін рұқсатсыз пайдаланған 207 жұмыс беруші, шетелдіктердің келуі туралы ІІО-ын уақтылы хабардар етпегені және елде болу ережелерін қамтамасыз еткені үшін 1 509 құқық бұзушылық анықталды. Соттардың шешімі бойынша елден 322 шетелдік шығарылды. Соның ішінде 646 адам мәжбүрлеп шығарып жіберу үшін арнайы қабылдау орындарына қамалды.

Мысалы, полиция қызметкерлері Шымкентте үш шетелдік азаматты анықтап, ұстады. Тексеру барысында елге мемлекеттік шекарадағы өткізу пунктін айналып өтіп, заңсыз келгендігі белгілі болды. Сотқа дейінгі тергеу барысында оларға тұрғын үйді заңсыз беріп, келімсектердің заңсыз болуына мүмкіндік жасаған Қазақстан Республикасының азаматшасы анықталды. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің әкесі жаңа тау-кен холдингін құрды

Махмұд Қасымбек

Қырғызстандағы «Бішкек-Арена» стадионын салуға 386 млн доллар жұмсалған

стадион құны

Қызылордадағы шағын тоннажды мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

мұнай өңдеу зауытындағы өрт

Әл-Фарабидегі жол апаты: Алматыда полиция экс-басшысы жүргізушісінің соты басталды

сот тыңдауы