Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Екі күн тазаладық: бір пәтерден бірнеше жүк көлігімен қоқыс шығарылған

Елорда тұрғының пәтерінен бірнеше жүк көлігімен қоқыс шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екі күн тазаладық: бір пәтерден бірнеше жүк көлігімен қоқыс шығарылған
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан. NEGE. Polisia.kz порталының мәліметінше, Байқоңыр аудандық полиция басқармасының учаскелік инпекторы Дәулетбек Тәңірбергеновке көпқабатты үй тұрғындары жүгініп, пәтерлердің бірінен жағымсыз иіс шығатындығын, тарақан мен тышқан жүретіндігін айтып шағымданған. Мұндай жайттың орын алуына себеп – көршілерінің өзінің 3 бөлмелі пәтерін қоқыс алаңына айналдыруы. Пәтер иесі қоқыс жәшіктерінен жұрт тастаған қажетсіз дүниелерді үйіне жинауға әуес болған. «Мән-жайды анықтау барысында 53 жастағы азаматтың жалғыз өзі тұратындығы анықталды. Учаскелік инспектордың жәрдемімен оның пәтерін тазалау ұйымдастырылды. Тазалау жұмыстары екі күнге созылып, бірнеше жүк көлігімен қоқыс шығарылды. Үй тұрғындары учаскелік инспекторға көмек көрсеткені үшін ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар учаскелік инспектор аталған азаматқа жеке куәлігін және әлеуметтік төлем алуға қажетті құжаттарын қалпына келтіруге көмектесті», - деп жазады портал.

Қазір оқып жатыр

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф