Екі күн бұрын жоғалған қыз табылды
11 тамыз күні Түркістан облысы Мақтаарал ауданы полициясына жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, 9 тамыз күні автобекетте тұрмын деп хабарласқан 19 жастағы қызы үйіне қайта оралмаған.
Алматы, NEGE. Тәртіп сақшылары хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Жас қызды табу мақсатында қажетті барлық жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Атқарылған жұмыстың нәтижесінде жас қыз бір тәулікке жетпей, Шымкент қаласынан табылды. Ол ата-анасына тапсырылды.
Анықталғандай, бойжеткен қыдыру ниетімен ешкімге айтпастан мегаполиске жол тартқан. Ал отбасымен ұялы телефоны бұзылып қалғандықтан хабарласа алмаған.
Қазір оқып жатыр
Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады
«Қазақмыс» жұмысшыларының талабын арнайы комиссия қарайтын болды
Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды
Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?