USD
USD
USD

Екі көкшетаулықтан трамадол тәркіленді

Екі көкшетаулықтан трамадол дәрісі тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

 Екі көкшетаулықтан трамадол тәркіленді
Фото: NEGE.kz

Ақмола. NEGE. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері қалалық базар ауданында күдік тудырған облыс орталығының 25 жастағы тұрғынын тоқтатты. Тінту барысында оданқатты есірткіге тәуелділікті тудыратын дәрілік препараттың (трамадол) 10 таблеткасы табылды және тәркіленді.

Сондай-ақ, Көкшетау қаласында осы дәрінің тағы бір әуесқойы, 25 жастағы жұмыссыз ұсталды. Одан да трамадолдың 10 таблеткасы тәркіленді.

Қатаң есептегі препарат дәріні қайдан алдыңдар деген полицейлердің сұрағына ұсталғандардың екеуі де тұрғылықты жері бойынша кіреберістерден тауып алғанын айтты.

Әрбір ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті