USD
USD
USD

Екі қарақшы кәсіпкердің 700 мың теңгесін тартып алды

Түркістан облысында кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасаған екі адамның бірі іздестіріліп жатыр. Оқиға Сарыағаш қаласында болған. "Газель" көлігіне отырған ер адамды бетперде киген екі жігіт қарумен қорқытып, 700 мың теңгеге жуық ақша салынған сөмкесін тартып алып, ізін жасырған.

Екі қарақшы кәсіпкердің 700 мың теңгесін тартып алды
Фото: NEGE.kz

Aлматы. NEGE. Бейнекөріністе күдіктілердің әрекеті айқын көрініп тұр. Олар ақшаны алысымен, көлікке отырып, белгісіз жаққа бой тасалаған. Облыстық полиция департаментінің білікті мамандары сарыағаштық әріптестерімен бірлесіп, сезіктілердің бірін Шымкенттегі жалдамалы пәтерден тауыпты. Ол бұған дейін 3 рет сотты болған қала тұрғыны екен.

"Оқиға орнына бұлар жалған мемлекеттік автокөліктің номерімен барған. Аталған номерді қылмыстан алдын бір күн бұрын Шымкентте көшеден жасырын ұрлап кеткен. Қазіргі таңда, қасында болған екінші сыбайласы анықталып, ұстау жұмыстары жүргізілуде", – дейді Түркістан облыстық полиция департаменті басқарма басшысының орынбасары Сұлтанбек Үсіпбеков.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев