USD
USD
USD

Екі елдің кәсіподақ федерациясы Мақтааралға көмек көрсетті

 Қазақстан мен Өзбекстанның Кәсіподақтар федерациясы топан судан зардап шеккен Мақтаарал ауданының тұрғындарына 66 миллион теңгенің бірлескен көмегін көрсетті.

Екі елдің кәсіподақ федерациясы Мақтааралға көмек көрсетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Еліміздің Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин мен Өзбекстанның Жизақ облысы кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Нусуратулла Пардаев Мақтаарал ауданында кездесті. Екі елдің делегация мүшелері алдымен Өргебас пен Фердоуси ауылдарына барып, қалпына келтіру жұмыстарымен және «Достық», «Жеңіс», «Жаңа-тұрмыс» елді мекендерінде салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысын көрді. Одан кейін тасқын судан зардап шеккен халықпен кездесті. Су тасқыны екі елге де үлкен сынақ болғаны белгілі.

Бірақ бұл бауырлас халықтардың арасына сызат түсірген жоқ, қайта жақындастыра түсті дейді мамандар. Сондай-ақ Сатыбалды Дәулеталин Аманжолов, Мүсірепов, Фердоуси атындағы және «Нұрлы жол» елді мекеніндегі мектептердің директорларына 25 ноутбук, 25 парта мен 50 орындық, 2 принтер, бір-бірден мультимедиалық тақта табыс етті. Жалпы мақтааралдықтарға еліміздің кәсіподақ федерациясы 50 млн, ал өзбекстандық кәсіподақтар 16 млн теңге көлемінде гуманитарлық көмек көрсетті. Мақтаарал ауданының тұрғындары екі елдің кәсіподақтарына алғыс білдірді.

Қазір оқып жатыр

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев

Маңғыстауда төрт бірдей кадрлық ауыс-түйіс болды

Ербол Ізбергенов