2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Екі ел апат салдарын бірге еңсермек

Қазақстан мен Өзбекстан  үкіметтік делегацияларының Сардоба су қоймасындағы төтенше жағдай салдарын жою жөніндегі мәселелерді бірлесіп шешу жөніндегі кездесуі өтті.

Екі ел апат салдарын бірге еңсермек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р. Склярдың жетекшілігімен Қазақстан Республикасының делегациясының құрамына Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев пен Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Д. Сатыбалды кірді.

Премьер-Министрдің орынбасары С. Умурзаков бастаған Өзбекстан Республикасының делегациясының құрамына ӨР су шаруашылығы министрі Ш. Хамраев пен Сырдария облысының хокимі Г. Мирзаев кірді.

Үкіметтік делегациялар екі елдің су астында қалған аумақтарын тікұшақпен ұшып аралап шықты, оның барысында тараптар Сардоба су қоймасының дамбасынан су ағынының толық тоқтағанына көз жеткізді.

Осы күні келіссөз жүргізілді, онда тараптар орын алған жағдайды талқылап, төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша бірлескен жұмысты атқаруға келісті.

Қазіргі таңда өзбек тарапы Өзбекстан аумағында бөгеттің бұзылуының салдарын жою жұмыстарын жүргізумен қатар, Түркістан облысына, ең алдымен Фирдоуси және Өргебас ауылдарына, су басу салдарын жоюға жәрдемдесу үшін  100-ден астам техника мен мамандарды жіберген.

Келіссөз кезінде тараптар Сардоба су қоймасын қалпына келтіру мәселесі жөнінде өзара келісілген жұмыстарды ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізді.

Кездесу соңында тараптар екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен стратегиялық әріптестік сабақтастығындағы тығыз ынтымақтастығын одан әрі жалғастыруға ниеттестігін білдірді.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілердің қазасы: 30-дан астам адамнан жауап алынды, күдіктілер бар

Адам ұрлау

Нұрсұлтан Назарбаев сарбаздар қазасына байланысты көңіл айтты

Назарбаев

Тоқаев Путинге жауап берді

Халық Кеңесі

Өзбекстан энергетика жүйесіндегі ақаудан Қазақстанның кей өңірі уақытша жарықсыз қалды

Электр жарығы