Екі бас қалада ауқымды дезинфекция жүргізілді
20-21 маусымда
Нұр-Сұлтан мен Алматыда ауқымды дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.
Алматы, NEGE. Нұр-Сұлтанда демалыс күндері ауқымды дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Саябақтар, скверлер, жағалаулар, базарлар, сауда орындары, және т. б. адам көп жиналатын орындар қамтылды.
Хабарда атап өтілгендей, қалалық қызметтермен бірлесе дезинфекция жұмыстарына әскери қызметшілер де қатысты.
«Дезинфекция жұмыстары жаяу және арнайы машиналардың көмегімен жүргізіледі. Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиеваның қаулысына сәйкес, сауда ойын сауық орталықтарының, базарлардың, сауда үйлерінің және басқа да адам көп жиналатын орындардың басшылары жұмыс орындарында дезинфекция жүргізуі тиіс», - деп хабарлады қалалық әкімдік.
Алматыда жоспар бойынша 494 нысан залалсыздандырылды, олар:
Алатау ауданындағы 8 базар, 11 сауда орталығы, 4 сквер;
Алмалы ауданындағы 6 базар, 29 сауда орталығы, 47 спорт нысандары және фитнес орталықтар, 1 саябақ , 22 сквер, 5 бульвар, 17 жасыл аймақ;
Әуезов ауданындағы 4 базар, 32 сауда орталығы, 30 фитнес орталық, 1саябақ, 3 сквер және 1 бульвар.
Бостандық ауданындағы 31 сауда орталығы, 59 спорт объектілері және фитнес орталықтар, 4 саябақ, 3 сквер, 4 бульвар, 3 жағажай;
Жетісу ауданындағы 16 базар, 15 сауда орталығы, 15 фитнес орталық, 1 саябақ;
Медеу ауданындағы 2 базар, 19 сауда орталығы, 31 фитнес орталық, 2 саябақ, 1 сквер;
Наурызбай ауданындағы 3 базар, 2 сауда орталығы, 3 фитнес орталық, 2 саябақ, 1 сквер;
Түрксіб ауданындағы 6 базар, 7 сауда орталығы, 10 фитнес орталық, 3 саябақ, 11 сквер, 1 жағажай.
«Алматы Тазалық» МКК және аудандардың мердігерлік ұйымдарының күшімен көшелерге, саябақтар мен скверлерге, тротуарларға, көше урналары мен орындықтарға, аялдамаларға, банкоматтарға, терминалдарға, жер асты және жер үсті өтпелі жолдарға кең көлемді дезинфекция жүргізілді.