USD
USD
USD

Екі баланың анасына іздеу жарияланды

Көкшетауда екі баланың анасы 28 жастағы әйелге іздеу жарияланды, деп хабарлайды Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Екі баланың анасына іздеу жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомствоның мәліметінше, 22 қарашада Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне облыс орталығының 53 жастағы тұрғыны хабарласып, 1993 жылғы қызы Әсел Қаппасқызы Ахмеджанованы табу үшін көмек сұрады.

Анасының сөзінше, қызы 19 қарашада сағат 00:00 шамасында балаларын үйде қалдырып, өзі белгісіз бағытта кетіп қалған.

«Қазіргі кезде іздестіру шараларына Көкшетау қалалық ПБ-нің жеке құрамы жұмылдырылды. Хабар-ошарсыз кеткен әйел бойынша толық бағдар Ақмола облысы ПД барлық бөлімшелеріне жолданды», - деді ведомстводан.

Жоғалған әйел, 1993 жылы туған, кәмелетке толмаған екі баласы бар, некеде тұрмайды. Бойы 160-165 см, дене бітімі толықша, шашы иықтан төмен, ерні қалың, тік мұрынды. Үстіне қара түсті куртка, қара шәпкі, сұр трико, ашық қоңыр түсті кроссовка киген.

Осы ретте, полиция қызметкерлері жоғалған әйел туралы қандайда бір мәліметі бар адамдар болса, дереу 8(7162) 29-96-00 телефоны немесе 102 желісі бойынша хабарласуды сұрайды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе