USD
USD
USD

Екі балаға зорлық жасаған педофил ақталып шықты

  Шығыс Қазақстан облысында екі бірдей кішкентай балаға зорлық көрсетті деп айып тағылған күдікті ақталып шықты.

Екі балаға зорлық жасаған педофил ақталып шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жеткіншектердің анасының айтуынша, іссапарда жүрген кезде оның 4 және 9 жастағы екі баласына өгей әкесі зорлық-зомбылық көрсеткен. Қорлыққа шыдамаған жеткіншек хат жазып қалдырып, үйден қашып кеткен. Сол кезде ғана туыстары сұмдық жағдайдан хабардар болған. Қылмыстық тексеру кезінде күдіктіге тағылған айып расталып, алғашқы сот отырысында ол кінәсін толық мойындаған. Сөйтіп, оны 16 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты. Алайда кейін сотталушының туған-туысы адвокат жалдап, күдіктіні ақтап алыпты. Екінші алқа билер отырысында одан барлық айып алынды. Сот өкілдері бұл шешім әлі заңды күшіне енген жоқ дейді. Ал заңгерлер бұл іске қоғам назарын аудару керек деп санайды.

Қоғамдық қор жетекшісі Дина Смаилова: "Әрбір шағын қаладағы алқа билер сотында бір-бірін білетін,қандай да бір тамыр таныстығы бар адамдар болуы әбден мүмкін ғой.Ендеше олар қабылдаған шешім қаншалықты әділ,қаншалықты  дұрыс деп айта аламыз. Менің ойымша, біздің қоғам бұндай істі алқа билер сотында қарауға әлі дайын емес" деді. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер