USD
USD
USD

Екі әйел алған шенеунікке өлім жазасы берілді

Қытай билігі партия комитетінің бұрынғы хатшысы, ҚХР-дағы ең ірі активтерді басқарушы компания China Huarong Asset Management Co., Ltd басқарма төрағасы Лай Сяоминянды өлім жазасына кесті.

Екі әйел алған шенеунікке өлім жазасы берілді
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Global Times газетінің мәліметінше, Тяньцзин қаласының соты компанияның экс-басшысын жемқорлық, пара алу және екі әйел алғаны үшін өлім жазасына кескен. 

2018 жылдың күзінде Лай Сяоминь партиялық тәртіп пен заңнаманы бұзғаны үшін партиядан шығарылған. 

Компанияның бұрынғы басшысы қымбат сыйлық, оның ішінде, ақшалай да алған, қымбат мейрамхана мен клубтарда банкет ұйымдастырып, қызметтік жағдайын жеке мүддесіне пайдаланған. Сонымен қатар, Лай Сяоминь қоғамдық мүлікті иемденді деген күдікке ілінген. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy