USD
USD
USD

Екі адамды өлтіріп, артынша өз-өзіне қол жұмсаған

Курчатовта пәтерден үш ер адам өлі табылды

Екі адамды өлтіріп, артынша өз-өзіне қол жұмсаған
Фото: NEGE.kz

, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы. NEGE. Полицияның мәліметінше, 21 желтоқсанда Курчатовта атыс қаруын қолдану арқылы аса ауыр қылмыс жасалды, көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен үш ер адамның денесі табылды.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, қылмыскер (марқұмдардың бірі) қылмыс жасағаннан кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Қайтыс болған ер адамдардың жеке басы анықталды, марқұмдардың барлығы Курчатов қаласының тұрғындары», - деді ШҚО ПД басшысы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі, "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Полицияның айтуынша, бұл оқиғаның көшеде болғаны туралы айтылған әлеуметтік желідегі ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Қазір оқып жатыр

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес

Berlin Today: Қазақстан Орталық Азияның экономикалық орталығына айналуда

Астана

Ресейдің Бас прокуратурасы FIDE басшысы Тимур Турлов пен Freedom Holding атына сотқа талап-арыз түсірді

Тимур Турлов