USD
USD
USD

Екі адамды өлтірген күдікті полицияға өзі қоңырау шалған

Ақмола полицейлері екі адамды өлтіру ісін тергеп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Екі адамды өлтірген күдікті полицияға өзі қоңырау шалған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 8 ақпан күні сағат 18:00 шамасында Көкшетау қаласындағы жатақханалардың бірінде болған оқиғадан кейін ер адам стационарлық полиция бекетіне келіп, ауыр қылмыс жасағанын мойындаған.

Екі адамды өлтіру фактісі бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Материалдарды алғашқы жинау барысында күдікті мен оның екі танысы, 87 жастағы ер адам мен 55 жастағы әйелдің ішімдік ішкендері анықталды.

Отырыс барысында ерлер арасында жанжал туындап, нәтижесінде күдікті егде жастағы ер адамға, содан кейін әйелге бірнеше рет пышақ салған. Кейін, қылмыс құралынан құтылып, күдіктінің өзі “102” арнайы желісіне қоңырау шалып, жақын маңдағы постқа келген. Сотқа дейінгі тергеу аясында полицейлер күдіктінің осыған ұқсас қылмысы үшін бұрын істі болғанын анықтады.

2008 жылы адам өлтіргені үшін ол 8 жылға бас бостандығынан айырылған, ал босатылғаннан кейін Ақмола облысы мен Көкшетау қаласының аумағында тұрақтаған. Тергеу кезеңінде жәбірленуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті