Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Екі адам кассирге бензин шашып, шағын несие ұйымын тонап кетті

Қарағандыда екі белгісіз адам микронесие ұйымы кеңсесіне басып кіріп, кассирдің үстіне бензин шашып, 120 мың теңге алып кетті, деп хабарлады 24.kz.

Екі адам кассирге бензин шашып, шағын несие ұйымын тонап кетті
Фото: NEGE.kz

Қарағанды, NEGE.  9 ақпанда сағат 16:00-де шағын несие беру ұйымының бірінің кассасына шабуыл жасалды. Оқиға кеңседегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видео кадрларынан медициналық маскадағы қарақшылардың бірі алдымен кассирге бензин шашып, кейін өртеймін деп қорқытқанын көруге болады. Видеода қарақшының беті айқын көрінеді. Бұл уақытта оның сыбайласы есікті қарауылдап тұрады. Видео әлеуметтік желілерде жарияланған.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жағдайға қатысты түсінік берді. Ведомство мәліметінше, күдіктілерді ұстау үшін полиция департаменті аппаратының тәжірибелі қызметкерлерінен жедел топ құрылған. «9 ақпанда сағат 16:00-де Қарағандыда микронесие беру ұйымдарының біріне белгісіз екі адам кіріп, кассирге бензин шашып қорқытқан. Жәбірленуші әйел 28 жаста. Қарақшылар 120 мың теңгені қорқытып иемденген. Аталған факт ҚР ҚК-ның 192-бабы «Қарақшылық» бойынша тіркелді», - деп атап өтті ведомстводағылар.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық