USD
USD
USD

Екібастұздғы МАЭС-ке 2 млн теңге айыппұл салынды

Павлодар облысы Екібастұз қаласында орналасқан 1-МАЭС-ке күл-қож қалдықтарын арнайы белгіленген орыннан тыс жерге төккені үшін 500 АЕК көлемінде айыппұл салынғаны мәлім болды.

Екібастұздағы 1-МАЭС
Фото: gres1.kz

Астана, NEGE. Табиғат қорғау прокуратурасы тексеру барысында 1-МАЭС станциясының күл-қож қалдықтарын тасымалдау құбырына іргелес жер учаскесінде қалдықтар жиналғанын анықтаған. Бұл экологиялық заңнама талаптарын бұзу болып саналады.

«Экология департаменті "Екібастұз 1-МАЭС" ЖШС-не қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 344-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырды. Екібастұз қалалық сотының қаулысымен кәсіпорын әкімшілік жауаптылыққа тартты», – делінген прокуратура хабарламасында.

Тағы бір өнеркәсіптік кәсіпорынға атмосфераға ластаушы заттарды белгіленген нормадан артық шығарғаны үшін 70 млн теңгеге жуық айыппұл салынды.

Сот актілері занды күшіне еніп, айыппұлдар төленді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Депутат жүрек ауруларының алдын алу үшін скринингті 18 жастан бастауды ұсынды

Жұлдыз Данбаева

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,75%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банк

Астана тұрғындарынан 413 млн теңгені алаяқтықпен жымқырған жетеудің ісі сотқа жолданды

Қылмыстық іс