USD
USD
USD

Екібастұздағы жаңа станцияда қымбат сүзгілер орнатылмайды

Жаңа станцияда негізгі басымдық көмірді барынша тиімді әрі экологиялық талаптарға сай жағатын заманауи технологияларға берілмек.

электр станция
Фото: Gov.kz

Астана, NEGE. Павлодар облысында бой көтеретін Екібастұз ГРЭС-3 станциясында көмірқышқыл газын ұстау және сақтау технологиялары енгізілмейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді.

«Көмірқышқыл газын ұстау бағытында зерттеулер жүргізіліп жатыр. Алайда әлемде бұл технологиялар кеңінен қолданыс тапқан жоқ, әзірге тәжірибелік әрі аса қымбат жобалар санатына жатады. Сондықтан ГРЭС-3-те күкірттен және түтін газдарынан тазарту жүйелері орнатылады. Бұл шығарындыларды барынша азайтуға мүмкіндік береді», – деді Сұңғат Есімханов.

Оның айтуынша, қазіргі көмір жағу технологиялары бұрынғы салынған станциялармен салыстырғанда әлдеқайда тиімді әрі экологиялық талаптарға сай. Жоба Қазақстанның Экологиялық кодексіне ғана емес, еуропалық стандарттарға да сәйкес келеді деп жоспарланған.

Сондай-ақ, вице-министр станцияда қымбат сүзгі жүйелерін орнату жоспарланбағанын нақтылады.

Қазір оқып жатыр

Саят Исанов Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Арнайы күштер

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем