USD
USD
USD

Екібастұздағы ауруханалардың бірінде зейнеткердің 13 млн теңгесі ұрланған

Екібастұз полициясына зейнеткер әйел хабарласып, банктегі шотынан белгісіз біреу 13 млн теңге сомасында ақша қаражатын ұрлағанын жеткізген. 

заң
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Полиция аталған қылмысты ашуға бағытталған іс-шараларды қабылдады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында зейнеткердің биылғы 28 қараша–2 желтоқсан аралығында аурухананың инсульт бөлімшесінде емделгені анықталды. Онымен бірге палатада бірнеше пациент болған.

Полицейлер әлгі палатада зейнеткердің банктік мобильді қосымшасына заңсыз кіріп, шотынан ақша ұрлаған жас әйелді анықтады. Күдікті кінәсін мойындап отыр.

Тәртіп сақшылары ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі