USD
USD
USD

Екібастұзда жол ережесін өрескел бұзған автокортеж жүргізушілері жауапқа тартылды

Екібастұзда жол қозғалысы ережелерін бұзған автокортеж жүргізушілері жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Бейнебақылау камералары арқылы жол қозғалысын қадағалау кезінде Стелла қаласы автожолында бірқатар жол ережесінің өрескел бұзылғаны анықталды. ЖБО қызметкерлері колоннамен келе жатқан бірнеше көлікті байқап, бірден шара қабылдады.

Ереже бұзушылықты кездейсоқ түсіріп алған, бұл жағдайға бей-жай қарамаған жүргізушілер де полицияға жүгінді. Анықталғандай, бұл автокортеж үйлену тойға арналған. Алайда салтанатты түрде ұйымдастырылған мерекелік жүріс жол қозғалысының басқа қатысушыларына кедергі келтіріп, тіпті апатты жағдай тудыруы мүмкін еді. Көліктер колоннамен қозғалып, қозғалысты тежеп, жолдағы қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзған. Тексеру нәтижесінде полиция қызметкерлері ӘҚБтК-нің бірнеше бабы бойынша 15 әкімшілік хаттама толтырды.

Mercedes-Benz, Lexus 570 (brr 14), Toyota Prado және Toyota Camry көліктерінің жүргізушілері анықталып, тиісті жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар әрбір жүргізушімен жол ережесін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Полиция азаматтардың қауіпсіздігі әрқашан басты назарда екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі