USD
USD
USD

Екібастұзда жазадан қашып жүрген шетел азаматы ұсталды

Екібастұзда жазадан қашып жүрген шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қамалды
Фото: Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қылмыстық істің құжаттарына сәйкес Ресей Федерациясының тергеу органының 2023 жылғы 29 мамырдағы қаулысымен күдікті С.-ға іздеу жарияланған. Челябі қаласының орталық аудандық сотының 2023 жылғы 19 қыркүйектегі қаулысымен оған қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасы сырттай қабылданды.

– Ресей ФедерациясыТергеу комитетінің Челябі облысы бойынша тергеу басқармасы С.-ға қатысты Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 105-баптың 2-бөлігінің тармағында, 213-баптың 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деген айыппен қылмыстық істі өндіруде, – дейді Павлодар қаласының №63 мекемесінің бастығы Берик Рахимов.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті Павлодар облысы Екібастұз қаласында ұсталды.

– Тергеу изоляторының арнайы есеп бөлімінің қызметкерлері қажетті құжаттарды дайындады. Қазіргі уақытта экстрадициялық қамауға алынған шетелдік азамат Павлодар облысының “№63 мекеме” РММ-де отыр. Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері қылмыстық қудалау органдарынан қашып, Ресейде кісі өлтіргені үшін іздеуде болған қылмыскерді экстрадициялауға дайындалуда, – деді Павлодар қалалық тергеу изоляторының бастығы.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері