USD
USD
USD

Екібастұзда өртенген жылу камерасынан әйелдің денесі табылды

Екібастұзда Мәшһүр Жүсіп пен Пішенбаев көшелерінің қиылысында орналасқан жерасты жылу камерасында өрт шықты.

Қрт
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Мәшһүр Жүсіп көшесінде орналасқан жылу жүйелері құдығының жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жетіп, жылу камерасының ішіндегі жанған қоқыс пен матрацты сөндірді.

Камераға кіреберісте бойында ешбір тіршілік белгісі жоқ әйел адамның мүрдесі табылды. Анықталғандай, марқұм тұрғылықты жері жоқ адам болып шықты. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге департаменттің 6 қызметкері мен 1 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған.

Полиция департаментінің хабарламасына сәйкес, әйелдің жеке басына қатысты деректер анықталған. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, соның нәтижесінде процессуалдық шешім шығарылады.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған адам ұсталды

.

Қазақстандықтар такси шақыра алмай жатыр: «Яндекс Go» жұмысында ақау шықты

такси

Қайрат Нұртастың концертіндегі дүрбелең: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

ұрлық

Спортты көпшілікке қолжетімді ету: Көк-Жайлау қандай мүмкіндік ашады?

Шаңғы