USD
USD
USD

Екібастұзда екі балықшы мұз астына батып кетті

1978 және 1976 жылы туған ер адамдар жеке көліктерімен мұз астына түсіп кеткені туралы хабар келіп түскен.

балықшы
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы, NEGE. 22 наурызда сағат 20-33 Екібастұз қаласының ГРЭС-2 ауданында, «Шандықсор» жасанды су айдынында 1978 және 1976 жылы туған ер адамдар жеке көліктерімен мұз астына түсіп кеткені туралы хабар келіп түскен.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, екі ер адамның балық аулауға Павлодардан келгені анықталды. Ал көлік жағадан 700-800 метр қашықтықта батып кеткен.

23 наурызда сағат 7:20-да Екібастұз қаласының құтқарушылары іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. 7 адам, 2 техника және 1 жүзу құралы жұмылдырылды. Құтқарушылардың күшімен балықшылардың денелері су қоймасынан шығарылды, – делінген ресми хабарламада.

Павлодар облысының ТЖД мұздың қазір өте жұқа екенін және оған шығу қауіпті екенін ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж